Нұсқаулық Halyk шотынан Alpaca Securities LLC брокерлік шотына ақша аударғысы келетін Investlink инвестициялық платформасының пайдаланушыларына арналған. Аударым SWIFT жүйесі арқылы жасалады. Нұсқаулықта 2025 жылғы шілде күнгі өзекті мәліметтер көрсетілген. Halyk қосымшасының экранынан түсірілген суреттер сапасы үшін кешірім сұраймыз.
1-қадам тек танысу үшін. Оны әзірге өткізіп жіберіп, бірден «Аударым режимі» атты 2-қадамға өтуге болады.
Банк қосымшасы арқылы брокерлік шотты толтыру процесін бастамас бұрын, Investlink платформасының қосымшасында (толық атауы: Investlink: Trade & Invest) аударым жасауда қажет болатын барлық нұсқаулық, реквизит және құжаттармен танысып шығыңыз. Егер пайдаланушы Investlink платформасы арқылы ашылған брокерлік шотын бірінші рет толтырып отырса, онда SWIFT үшін қажетті құжаттармен және реквизиттермен танысу бөліміне өту керек. Ол бөлімге платформа қосымшасының басты бетінен өтуге болады(«Пополнить счет» сары батырмасы):
Шотты бірінші рет толтырған соң бұл батырма жоғалып кетеді. Сондықтан кейін реквизиттер мен құжаттарды «Банковский перевод» бетінен көшіріп алуға немесе жүктеп алуға болады. Ол үшін Investlink платформасының қосымшасында қайта авторизацияланып, төменгі оң жақ бұрыштағы негізгі мәзірді (үш көлденең жолақ) басыңыз:
Ашылған негізгі мәзір бөлімінде «Пополнить» дегенді басыңыз:
«Пополнение» беті ашылады, онда «Банковский перевод» дегенді басу керек:
Ашылған «Банковский перевод» атты бетте SWIFT-аударым жасау үшін қажет барлық нұсқаулықтар, банк реквизиттері мен құжаттар тұрады. Деректерді телефон жадына көшіріп алуға немесе банк қосымшасындағы аударым формасын толтыру кезінде жүктеп алуға болады.
Банк қосымшасы арқылы аудару процесінде қажет болуы мүмкін құжаттар:
Бұл файлдарды жүктеп алу үшін «Банковский перевод» бетінде тұрғаныңызға көз жеткізіңіз. Қажетті құжат атауын басып, ашыңыз. Құжат файлын төменгі оң жақтағы батырманы пайдаланып смартфонға сақтауға болады:
Егер банк менеджері сізден құжаттарды электронды поштаға немесе қағазға басып шығарылған күйде жіберуді талап етсе – бұл функцияның сізге пайдасы тиеді.
Шот ашылған күн SWIFT арқылы шот толтыру процесі кезінде де қажет болады. Датаны білу үшін «Банковский перевод» бетінде тұрғаныңызға көз жеткізіңіз. Осы беттен «Справка о наличии счета» деген жазуды тауып, оны басыңыз. «Подтверждение о наличии счета» атты құжат ашылады. Шот ашылған күн күн. ай.жыл форматында көрсетілген.
Мысалы:
12.12.2023
Ашылған датаны көрсеткі бойынша оңай табуға болады:
Реквизиттерді көшіру үшін «Банковский перевод» бетінде тұрғаныңызға көз жеткізіңіз. «Реквизиты счета» деген жазуды тауып, төмен жақты көрсетіп тұрған көрсеткіні басу арқылы тізімді ашыңыз:
Ашылған тізімде шот реквизиттері пайда болады (әр реквизитті қосарланған қағаз парақ суретін (белгішесін) басу арқылы телефон жадына көшіруге болады):
Осы қадамнан бастап SWIFT арқылы аудару процесі басталады.
Halyk қосымшасында авторизация өтіңіз. Басты бетті ашып, «Аударымдар» бөлімін басыңыз:
«Аударымдар» бетінде «Халықаралық аударымдар» таңдаңыз:
«Халықаралық аударымдар» бетінде «Аударым жасалатын ел» іздеу терезесін басыңыз. Америка Құрама Штаттары (АҚШ) дегенді таңдайсыз:
Елді таңдағаннан кейін қосымша «Халықаралық аударымдар» бетіне оралады. Терезенің төменгі бөлігінде аударым SWIFT –аударым режимін таңдаңыз:
Егер брокерлік шотқа аударым Halyk қосымшасы арқылы алғаш рет жасалса, онда жалғастыру үшін «Келісім-шартты тіркеу» деген жазуды басып, нұсқаулықты «Келісім тіркеуді таңдағандағы әрекеттер» тарауына дейін төмен жылжытыңыз.
Егер брокерлік шот Halyk қосымшасы арқылы бұрын толтырылған болса, онда «Аударымды жіберу» деген жазуды басып, нұсқаулықты «Аударым жіберуді таңдағандағы әрекеттер» тарауына дейін төмен жылжытыңыз.
«Келісім-шартты тіркеу» режимін таңдағаннан кейін «Валюталық келісім-шартты тіркеу» беті фотокамера суретімен (белгішесімен) ашылады:
Клиент брокерлік шотын Halyk қосымшасы арқылы алғаш рет толтырғанда, оған келісім-шартты тіркеу қажет. Келісім-шарт деп әдетте Investlink инвестициялық платформасында тіркелу кезінде клиент пен Alpaca Securities LLC арасында жасалған мәмілені айтады. Бұл құжат Investlink қосымшасында «Пользовательское соглашение с Alpaca Securities LLC» («Customer Agreement») деген атаумен сақталады. Бұл құжатты алдын ала смартфонға сақтап алыңыз (Investlink қосымшасындағы реквизиттермен танысу деген 1-қадамды қараңыз.). Одан кейін оны принтерге қосылған компьютерге кез келген ыңғайлы жолмен жіберіп, А4 форматында басып шығарыңыз.
Басып шығарылған келісім-шарт парақтары суретке түсіріп, Halyk қосымшасы арқылы банк қызметкерлеріне көрсету үшін қажет болады. Құжат тіркеліп, кейінгі аударымдар үшін жадта сақталады.
Суретке түсірер алдында «Пользовательское соглашение с Alpaca Securities LLC» («Customer Agreement») құжатының барлық беті басып шығарылғанына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ Halyk қосымшасында «Валюталық келісім-шартты тіркеу» беті ашылғанына көз жеткізіңіз. Беттің төменгі бөлігінен фотокамера суретін (белгішесін) табыңыз. Оны басқан кезде смартфонның камерасы іске қосылады:
«Пользовательское соглашение с Alpaca Securities LLC» («Customer Agreement») құжатының алғашқы 3 және соңғы 3 бетін рет ретімен суретке түсіріңіз. Қосымша оларды автоматты түрде жадында сақтайды. Суретке түсіру уақыты шектеулі екенін ескеріңіз. Келісім-шартты суретке түсіру процесі бір рет қана орындалады.
Егер Halyk қосымшасы арқылы брокерлік шотты алғаш рет толтырып жатқан болсаңыз бұл тармақты өткізіп жіберіңіз.
«Аударым жіберу» режимін таңдағаннан кейін «Шығыс аударым» беті ашылады. «Аударым түрі» бөлімінде қосымша аударымның: «Аударым» немесе «Келісім-шарт бойынша» деген екі түрінің бірін таңдауды талап етеді. Егер брокерлік шот Halyk қосымшасы арқылы бұрын толтырылған болса, онда «Келісім-шарт бойынша» батырмасын басыңыз:
Егер Halyk қосымшасы арқылы алғаш рет брокерлік шот толтырылып тұрса, бұл тармақты өткізіп жіберіңіз.
«Келісім-шарт бойынша» батырмасын басқаннан кейін «Келісім-шарт нөмірі» қалқымалы терезесі пайда болады. Төменге бағытталған көрсеткіні басу арқылы қажетті келісім-шартты таңдау керек:
Егер Halyk қосымшасында бірнеше түрлі келісім-шарт көрсетілсе, атауында «Alpaca» сөзі бар келісім-шартты басу қажет. Келісім-шарт нөмірі мен атауы жоғарыда аталған «Келісім-шарт нөмірі» терезесінде пайда болғанына көз жеткізу керек. Әйтпесе, «Келісім-шарт бойынша» батырмасын пайдаланып келісім-шарттар тізімін қайта тауып, қайта таңдау қажет.
Өзіңіз аударым жасайын деп отырған шотыңыз немесе картадағы шотыңызды таңдаңыз және аударатын сомаңызды АҚШ доллары түрінде көрсетіңіз.
Содан кейін тәуекелдер туралы хабардар екеніңізді растайтын батырманы іске қосыңыз. «Ықтимал тәуекелдер жайлы» деген жазуды басу арқылы қандай тәуекелдер бар екенін білуге болады:
«Әрі қарай» батырмасын басқаннан кейін негізгі деректер мен реквизиттерді енгізетін форма ашылады:
«Әрі қарай» батырмасын басқаннан кейін бетте «Алушының банкі» және «Аударымның егжей-тегжейі» бөлімдері пайда болады:
«Алушының банкі» бөлімінде SWIFT батырмасы автоматты түрде таңдалуы керек. Батырманың астында «Swift кодын / алушы банкінің БСК…» деректерді енгізу өрісі орналасқан. Төменге бағытталған батырманы басыңыз:
Қосымша іздеу терезесіне қарай ауысады, онда HATRUSS44 енгізу керек. Бірнеше секундтан кейін бірнеше код таңдауға болады. Құрамында 3 «Х» (XXX) символы бар кодты таңдау керек:
«Аударымның егжей-тегжейі» бөлімінде ТБК (төлем белгілеу коды) дұрыс таңдап, «Аудару мақсаты» өрісін толтыру керек.
«Аудару мақсаты» өрісін дұрыс толтыру үшін, латын қарпімен төмендегі фрагменттерден немесе фразадан тұратын ұзын тіркес құрастыру қажет:
«Аудару мақсаты» өрісіндегі дайын фраза мысалы:
Brokerage acc replenish FFC IVLK-123456789 agr wn 01.01.2024 Serik Ibragimov
SWIFT аударымды орындар алдында Halyk қосымшасы барлық деректерді экранға шығарады. Аударымды жүзеге асыру үшін «Әрі қарай» батырмасын басыңыз. Төлем тек жұмыс уақытында 09:00-17:00 аралығында ғана өңделетінін ұмытпаңыз. Егер аударымға өтінім жұмыс уақытынан тыс кезде жіберілсе, банк операцияны келесі жұмыс күніне ауыстыратынын ескертеді.
Halyk қосымшасының пайдаланушысы аударымға өтінім жібергеннен кейін, оның қай деңгейде екенін «Аударымдар» бөліміндегі «Тарих» белгішесін басу арқылы қадағалап отыруға болады. Әдетте банк клиенттерге аударым процесінің кай деңгейде екенін ұдайы хабарлап тұрады. Мысалы:
Бірінші жағдайда клиенттен ешқандай әрекет талап етілмейді. Екінші жағдайда банк аударым процесінде енгізілген кейбір деректерді дұрыс деп санамайтынын хабарлап, клиенттің қайта толтыруын талап етеді. Үшінші жағдайда банк өз тарапынан аударым процесінің сәтті аяқталғанын хабарлайды. Енді клиент АҚШ-тағы қабылдаушы банктің реакциясын күтуі керек.
Брокерлік шоттың сәтті толтырылғаны туралы ақпарат Investlink инвестициялық платформасы қосымшасының бас мәзірі арқылы кіріп көруге болатын тізімде пайда болады. Ол үшін Investlink қосымшасының бас мәзір бетінің төменгі жақтағы үш жолағын басып, ашыңыз:
Содан кейін «Заявки» батырмасын басыңыз:
Бұл ретте қосымшаның басты бетіндегі баланс сомасы өзгереді:
Қазақстаннан АҚШ-қа аударым бірнеше күнге созылуы мүмкін. Бірақ бұған дейін байқағанымыздай, аударымның барлық операцияларының орташа уақыты бір жұмыс күнінен аспайды.
Жеке менеджермен байланысу үшін Investlink қосымшасында авторизация жасаңыз. «Мәзір» батырмасын (төменгі оң жақ бұрыштағы үш жолақ) басыңыз:
Ашылған мәзір бетінде «Помощь» белгішесін басыңыз:
Қалқымалы тізімнен кеңес немесе көмек алу үшін ыңғайлы байланыс арнасын таңдаңыз:
Нұсқаулық: Брокерлік шотты bcc.kz қосымшасы арқылы қалай толтыруға болады?
Инструкция: Как подтвердить адрес проживания
Инструкция: Как пополнить брокерский счет через приложение Altyn Bank
Инструкция: Как пополнить брокерский счет через приложение bcc.KZ
Заполните форму, чтобы получить профессиональную инвестиционную консультацию бесплатно.
Наведите камеру телефона на QR-код,
чтобы скачать мобильное приложение.