Bcc.kz шотынан («Банк ЦентрКредит» АҚ) Alpaca Securities LLC брокерлік шотына ақша аударғысы келетін Investlink инвестициялық платформасының пайдаланушыларына арналған нұсқаулық. Аударым SWIFT жүйесі арқылы жасалады. Нұсқаулықта 2025 жылғы шілде күнгі өзекті мәліметтер көрсетілген. Смартфон бетінен жасалған скриншоттар нақты экран бетіндегі түстен басқалау болуы мүмкін.
Қиындық туындаған жағдайда әрқашан қолдау қызметіне хабарласа аласыз (құжаттың соңындағы деректерді қараңыз).
1-қадам тек танысу үшін. Оны әзірге өткізіп жіберіп, бірден «Аударым режимі» атты 2-қадамға өтуге болады.
Брокерлік шотты банк қосымшасы арқылы толтыру процесін бастамас бұрын, Investlink платформасының қосымшасында (толық атауы: Investlink: Trade & Invest) аударым жасауда қажет болатын барлық нұсқаулық, реквизит және құжаттармен танысып шығыңыз. Егер пайдаланушы Investlink платформасы арқылы ашылған брокерлік шотын бірінші рет толтырып отырса, онда SWIFT үшін қажетті құжаттармен және реквизиттермен танысу бөліміне өту керек. Ол бөлімге платформа қосымшасының басты бетінен өтуге болады («Пополнить счет» сары батырмасы):
Шотты бірінші рет толтырған соң бұл батырма жоғалып кетеді. Сондықтан кейін реквизиттер мен құжаттарды «Банковский перевод» бетінен көшіріп алуға немесе жүктеп алуға болады. Ол үшін Investlink платформасының қосымшасында қайта авторизацияланып, төменгі оң жақ бұрыштағы негізгі мәзірді (үш көлденең жолақ) басыңыз:
Ашылған негізгі мәзір бөлімінде «Пополнить» дегенді басыңыз:
«Пополнение» беті ашылады, онда «Банковский перевод» дегенді басу керек:
Ашылған «Банковский перевод» атты бетте SWIFT-аударым жасау үшін қажет барлық нұсқаулықтар, банк реквизиттері мен құжаттар тұрады. Деректерді телефон жадына көшіріп алуға немесе банк қосымшасындағы аударым формасын толтыру кезінде жүктеп алуға болады.
Банк қосымшасы арқылы аудару процесінде қажет болуы мүмкін құжаттар:
Бұл файлдарды жүктеп алу үшін «Банковский перевод» бетінде тұрғаныңызға көз жеткізіңіз. Қажетті құжат атауын басып, ашыңыз. Құжат файлын төменгі оң жақтағы батырманы пайдаланып смартфонға сақтауға болады:
Егер банк менеджері сізден құжаттарды электронды поштаға немесе қағазға басып шығарылған күйде жіберуді талап етсе – бұл функцияның сізге пайдасы тиеді.
Шот ашылған күн SWIFT арқылы шот толтыру процесі кезінде де қажет болады. Датаны білу үшін «Банковский перевод» бетінде тұрғаныңызға көз жеткізіңіз. Осы беттен «Справка о наличии счета» деген жазуды тауып, оны басыңыз. «Подтверждение о наличии счета» атты құжат ашылады. Шот ашылған күн күн. ай.жыл форматында көрсетілген. Мысалы:
Ашылған датаны көрсеткі бойынша оңай табуға болады:
Реквизиттерді көшіру үшін «Банковский перевод» бетінде тұрғаныңызға көз жеткізіңіз. «Реквизиты счета» деген жазуды тауып, төмен жақты көрсетіп тұрған көрсеткіні басу арқылы тізімді ашыңыз:
Ашылған тізімде шот реквизиттері пайда болады (әр реквизитті қосарланған қағаз парақ суретін (белгішесін) басу арқылы телефон жадына көшіруге болады):
Осы қадамнан бастап SWIFT аударымын жасау процесі басталады. bcc.kz қосымшасына кіріңіз. Басты бетті ашып, «Аударымдар» бөлімін басыңыз:
Ашылған бөлімде «Халықаралық аударымдар» тармағын таңдаңыз:
«Халықаралық аударымдар» бөлімінде «SWIFT» батырмасын басыңыз:
«SWIFT Аударым деректері» беті ашылады. «Алушы банкінің елі» (Оригинал орфографиясы сақталған) ашылмалы тізімін басыңыз.
Ашылған елдер тізімінен ең бірінші тұрған — АҚШ-ты таңдаңыз:
Содан кейін келесі жолдарды бірінен кейін бірін толтырыңыз:
«Аударым деректері» жолын дұрыс толтыру үшін келесі бөліктерден тұратын латын әріптерімен жазылатын ұзын сөз тіркесін құрастыру қажет:
«Аударым деректері» жолындағы дайын сөз тіркесіне мысал:
Brokerage acc replenish IVLK123456789 agr wn 01.01.2024
Қалған әрекеттерді орындаңыз:
«Жалғастыру» батырмасын басу арқылы енгізуді растаңыз:
«SWIFT Аударым деректері» бетінің бірінші бөлігін толтырғаннан кейін оның жалғасы пайда болады:
Беттің осы бөлігінде келесі жолдарды толтырыңыз:
HATRUS44XXX кодын дұрыс енгізу үшін «SWIFT Аударым деректері» бетінде екеніңізге көз жеткізіңіз. «SWIFT-код/ БСК» жолындағы төменге бағытталған көрсеткіні басыңыз. Қосымша іздеу терезесін іске қосады, оған HATRUSS44 деп енгізу керек. Бірнеше секундтан кейін бірнеше кодтың ішінен таңдау мүмкіндігі пайда болады. Құрамында 3 «X» таңбасы (XXX) бар кодты таңдау керек. Содан кейін «Дайын» деген жазуды басу арқылы таңдауды растаңыз.
Енгізілген деректерді растау үшін «Жалғастыру» батырмасын қайта басыңыз.
Қосымша барлық енгізілген деректер тізімделген «Растау» қорытынды бетін шығарады. Толтырылған жолдардың дұрыстығын тексеріп, жасыл түсті «Растау» батырмасын басыңыз. Аударымдар жұмыс уақыты кезінде, 09:00-ден 17:30-ға дейін өңделетінін ескеріңіз.
Bcc.kz қосымшасының пайдаланушысы аударымды жібергеннен кейін, оның статусын «Аударымдар» бөліміндегі «Тарих» бетін басу арқылы қадағалай алады.
Инвестициялар мен трейдингте сәттілік тілейміз!
Брокерлік шоттың сәтті толтырылғаны туралы ақпарат Investlink инвестициялық платформасы қосымшасының бас мәзірі арқылы кіріп көруге болатын тізімде пайда болады. Ол үшін Investlink қосымшасының бас мәзір бетінің төменгі жақтағы үш жолағын басып, ашыңыз:
Содан кейін «Заявки» батырмасын басыңыз:
Бұл ретте қосымшаның басты бетіндегі баланс сомасы өзгереді:
Қазақстаннан АҚШ-қа аударым бірнеше күнге созылуы мүмкін. Бірақ бұған дейін байқағанымыздай, аударымның барлық операцияларының орташа уақыты бір жұмыс күнінен аспайды.
Жеке менеджермен байланысу үшін Investlink қосымшасында авторизация жасаңыз. «Мәзір» батырмасын (төменгі оң жақ бұрыштағы үш жолақ) басыңыз:
Ашылған мәзір бетінде «Помощь» белгішесін басыңыз:
Қалқымалы тізімнен кеңес немесе көмек алу үшін ыңғайлы байланыс арнасын таңдаңыз:
Заполните форму, чтобы получить профессиональную инвестиционную консультацию бесплатно.
Наведите камеру телефона на QR-код,
чтобы скачать мобильное приложение.